ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Алматы полициясы: 300-ден астам жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге мас күйінде отырған

Салынған айыппұл мөлшері – 10 498 018 теңге

Заңнама қатаңдатылғанына қарамастан, кейбір автокөлік жүргізушілері мас күйіне түсіретін заттарды асыра пайдалануды жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Қазақстан Республикасының Әкімшілік заңнамасына енгізілген түзетулерге байланысты 2020 жылы ҚР ӘҚбК-нің 608, 612, 613-баптары бойынша санкциялар 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түрінде қатаңдатылды. Жыл басынан бері алкоголь, есірткі немесе токсикоманиялық мас күйінде көлік құралын басқару, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) токсикоманиялық масаң күйдегі адамға көлік құралын басқаруды беру бойынша 847 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, олардың 835-і сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды.  

«Атап айтқанда, 769 жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, 66 жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.  Қалған 12 жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды », - деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция Басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша, ӘҚбК-нің 612 бабы 3 бөлігі бойынша көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан көлік айдағаны үшін 302 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 63-і сот шешімімен қамауға алынды.  Салынған айыппұлдың мөлшері - 10 миллион 498 мың 018 теңгені құрайды.