ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 392 адамнан коронавирус анықталды

Екібастұзға арнайы бағдарламамен көшіп барған отбасылар кері қайтпақшы

Олар баспананың сапасына, жұмыстың жоғына наразы

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысына былтыр арнайы бағдарламамен көшіп барған отбасылар кері қайтпақшы. Оған себеп - сапасыз баспана мен жалақысы аз жұмыс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Өңірде қолға алынған «Нұрлы Ертіс» бағдарламасымен былтыр Екібастұзға 200 отбасы көшіп барған. Дегенмен, жергілікті атқамінерлер берген баспананың сапасы көңілден шықпаған. Қабырғасы қақырап тұр. Одан қалды қанша от жақса да, үйді жылыта алмаған. Мәселені айтып, құзырлы органдарға барғанмен, нәтиже болмаған. 

Ал қала әкімдігі құрылыстың сапасыз салынғанын мойындайды. Сол үшін мердігер құрылысшыларды сотқа берген. Ал, жұмыссыз жүр деген уәжбен келіспейді. Ұсынған жұмысты жалақысы аз деп менсінбейтіндері бар екен. Ал баспанадағы олқылықты 10 күнде жөндеп бермекші.   

«Бұл мәселелер қыркүйек айының соңына немесе қыркүйек айының соңына дейін бітіреміз деп ойлаймын. Бір жұма - 10 күн уақыт кетуі мүмкін, бәрі материалдарға байланысты», - деді Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов.