Интернет алаяқтық өршіп кетті: ІІМ сақ болуға шақырады
Құзырлы орган банк карточкалары туралы мәліметті ешкімге бермеуге кеңес береді

Ақпараттандыру және байланыс саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу үшін «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. ІІМ баспасөз қызметнің хабарлауынша екі күндік операция барысында 104 құқық бұзушылық әшкере болған.
«Оның ішінде интернет пайдаланушыларға қатысты 46 алаяқтық, 18 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу, ақпараттандыру және байланыс саласында 13 құқық бұзушылық, 12 ІТ-технологияларды пайдаланы отырып жасалған ұрлық, 9 порнографияны және арнайы техникалық құралдардарды таратудың 6 фактісі анықталды», - делінген хабарламада.
Сондай ақ, полициямен еркін айналымда тыйым салынған мыңнан аса өнім алынды, операцияға даярлық барысында 140 бұрын жасалған интернет-алаяқтықтың беті ашылды.
«Мәселен, Алматы қаласында Жамбыл облысының тумасы ұсталды, ол сауда интернет-алаңдарында автобөлшектерді сату және жеткізу туралы жалған жарнамалар орналастырып, ақшаны банктік карточкалармен алып, кейін жарнамаларды жойған және абоненттік нөмірін ажыратқан. Қазіргі уақытта оған алаяқтықтың осындай 10-нан аса фактісі дәлелденді»,- дейді баспасөз қызметі .
Соңғы жылдары Интернет желісін алаяқтық мақсатында пайдалана отырып жасалатын құқықбұзушылықтардың саны өсуде. Адамдарды алдау үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар және сайттар құрады.
Осыған байланысты, ІІМ қауіпсіздік шараларын еске салады:
- құпия сөздерді үнемі ауыстырып отырыңыздар, олар күрделі
болуы қажет;
- төлем жүйелеріндегі барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыздар:
смс растау, ІР-мекенжайларды қадағалау, 3D-secure және т.б.;
- картаны қараусыз қалдырмаңыздар, өз деректеріңізді ешкімге
бармеңіздер, өйткені пластикті картадан ақшалай қаражат алу үшін
картаның нөмірін және CVV-кодын (картаның артындағы соңғы үш сан)
білген жеткілікті;
- Картаны мобилді банк қызметіне қосыңыз.
Банктер және төлем жүйелері ешқашан хат жолдамайды және
олардың қызметкерлері өз клиенттеріне олардың шоттарының
деректерін жолдау туралы өтінішпен қоңырау шалмайтынын есте сақтау
қажет.