$ 494.87  520.65  4.91
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.11.2019, 15:57
Қоғам

Ермек Тұрсынов баласын бизнес санаттағы ұшаққа отырғызатын шенеуніктерді сынады

Танымал  режиссер алматылық шенділерге жемқорлықтың кері әсері жайлы дәріс оқыды 

Ермек Тұрсынов баласын бизнес санаттағы ұшаққа отырғызатын шенеуніктерді сынады

Ермек Тұрсынов Қазақстандағы шектен шыққан парақорлық туралы айта келе, байлардың балаларына көрсетіп жатқан қамқорлығының кері әсеріне тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Режиссердың пікірінше, неміс, араб, америкалықтар қоршаған ортаны да  «өз үйіміз» деп түсінеді. Олар баласын оқуға түсіру үшін алдымен таныс іздеу деген қағиданы мүлдем түсінбейді. Шенеуніктердің алдында осылайша жемқорлық туралы ойын айтқан Тұрсынов «бюджетті жымқыру – өз немереңнің болашағына балта шабумен бірдей» деді.

«Шетелде – Америка, Еуропа, Шығыс Азия, Араб елдерінде өмір сүрдім. Көретінім: ұшақтың бизнес-класында қазақстандық балалар отырады. Менің ойымша, балаларға бұлайша қамқорлық жасауды доғару керек. Сіздер «қамқорлық» арқылы баланың бәсекеге қарсы тұру қабілетін төмендетіп жатырсыздар. Бұлардың бәрі болашақта ұрпағымыздың жеңілуіне әкеледі», - деді Ермек Тұрсынов. 

Сондай-ақ, ол қазақстандық шенеуніктердің арасында парақорлықтың қандай түрі дамығаны туралы да ойын айтты.

«Трассаның қалыпты қалыңдығын жұқарту сынды айла-тәсілмен бюджетті жымқырған шенеунік – елін жек көретін, ұлтын сыйламайтын адам. Олардың бәрі ұрылар, қорқақтар», - деп сөзін түйіндеді режиссер.

Айта кетейік, бүгін Алматыда бірінші сыбайлас-жемқорлыққа қарсы форум өтті. Оған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаев  және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Шенділер алдына Ермек Тұрсыновтан бөлек басқа да белгілі адамдар баяндама жасады.

Әмірболат Құайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары