Ақорда мен Парламент ғимараттарына жарық берілді

Нұр-Сұлтанның сол жағалауы екі күннен бері жарықсыз қалған еді  

Ақорда мен Парламент ғимараттарына жарық берілді

Қала әкімдігінің хабарлауынша Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот - электрмен жабдықталды.

«Сонымен қатар 9 көппәтерлі тұрғын үйдің 9-ы жарықпен қамтылды : «Уют» , «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус» , «Вива плаза» , «Алатау», «На водно-зеленом бульваре»,- делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» монументін, «Изумрудный квартал» бизнес орталығын, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттарын жарыққа қосу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.

«Кабелдік желілерді 15 адамнан тұратын авариялық-қалпына келтіру бригадасы мен  6 арнайы техника қалпына келтірді. Ғимараттарды электрмен жабдықтау өрт сөндіру бригадаларына рұқсат беру кезінде электр тоғымен зақымданудан қауіпсіздік мақсатында ажыратылды», - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу орнына елорда әкімі Алтай Көлгінов шықты. Қала әкімі апат себебін анықтауды тапсырды. Еске салайық, 9 қарашада «Левобережная» подстанциясында апат болып, сол жағалаудың біраз бөлігі жарықсыз қалған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.