Аудандық кітапханада 400 мың теңгенің «ғажап» креслосы пайда болды

Жарияланған:
08.11.2019, 11:22

Мұндай кресло Нұр-Сұлтандағы Ұлттық академиялық кітапханада да жоқ

Мемлекеттік органдар керек-жарағын сатып алатын сайтта бәрі табылады. Кейде көз үйренген дәретхана қағазы, су мен шәйден басқа, мекемелер қыруар ақшаға қызық дүниелер сатып алады. Мәселен, Біржан сал аудандық кітапханасы. Кітапхана кітап оқып, музыка ойнай алатын «ақылды кресло» сатып алу үшін бюджеттен 500 000 теңге қаражат қарастырған.

4 млрд бюджеті бар аудан үшін 500 мың теңге көп пе, аз ба?

Осылайша, мамыр айында мемлекеттік сатып алулар сайтында мультимедиялық кресло үшін лот жариялап, ең төмен баға ұсынған Павлодардағы TECH Snab компаниясынан 384 899 теңгеге осы құралды сатып алады.

Лотты ұйымдастырушы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарайды. Бір бөлімнің ғана 2019 жылғы  бюджеті 83 815 600 теңге болған соң, 400 000 теңгенің креслосын түк емес көрінер. Ал, халық саны 20 000 адамға жетер жетпес ауданның бір жылғы тұтас кірісі (бюджеті)4 млрд 78 млн теңге.

Заманауи құралды екі ай бойы ешкім пайдаланбаған

 «Azattyq Rýhy» журналисіне сұхбат берген кітапхана есепшісінің айтуынша, олар (кітапхана ұжымы - агенттік) мультимедиялық креслоны ең алғаш Көкшетау қалалық кітапханасынан көрген. «Оларда біреу емес, екі-үш кресло тұр. Біз біреу ғана алдық», - дейді есепші.

«Ол креслоға флешка салынады...Сосын, кітаптың штрих-кодын оқи алатын мүмкіндігі бар. Сол флешка арқылы, штрих-код арқылы отырған адамға (кітап мазмұны) естіліп тұрады. Біз сатып алып, орнаттық. Программасы орнатылды. Кітапханаға орнатқанымызға екі ай болды, әлі ешкім пайдаланған жоқ. Енді пайдаланады», - дейді кітапхана басшылығы.

Кітапхана аудан орталығы – Степняк қаласында орналасқан. Халқының саны 2010 жылы 4800 адам болған. Қазір, кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, 3500 адамнан асады.

«Бұл құралды Степняк халқы ғана емес, ауыл-ауылдан келген адамдар да пайдаланады ғой», - дейді маман.

Мультимедиялық креслоны шығарған Ресейдің Новосібір қаласы. Көп сөз қоспай, Біржан салдан жеткен креслоның су жаңа видеосын назарларыңызға ұсынамыз.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Олимп логиніне ақша аудару, балық, мал тезегі - Қазақстандағы пара берудің ерекше түрлері
«Туған жер»: астаналық оқушылар оңтүстік өңірдің киелі жерлерін аралап қайтты (ФОТО)
Kaspi Gold арқылы пара алатындар көбейген

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.