Қазақстанда электр қуатының бағасы қымбаттады
Қазақстанда электр энергиясының бағасы қыркүйекпен салыстырғанда, қазан айында 0,7%-ға өсті
2019 жылғы қазанда Қазақстанда электр энергиясының бағасы қыркүйекпен салыстырғанда 0,7%-ға өсті. Бұл туралы Курсив басылымы EnergyProm-ге сілтеме жасай отырып хабарлады.
2019 жылғы 1 қазаннан Қазақстанда 2025 жылға дейінгі электр энергиясы тарифтерінің ең жоғары мөлшері енгізіліп, соның салдарынан, электр энергиясының бағасы артты. Десек те, бұдан бұрын үш ай қатарынан саладағы баға бұрынғы деңгейде сақталған болатын.
Ал елдегі электр энергиясының генерациясы бір жылда 1,7%-ға қысқарып, 2019 жылғы қаңтар–қыркүйекте 77,7 млрд кВт•с құрады.
Электр энергиясын өндірудің ең үлкен мөлшері өндірістік аймақтардың үлесінде - Павлодар (31,4 млрд кВт•с), Қарағанды (11,3 млрд кВт•с) және Шығыс-Қазақстан (7,2 млрд кВт•с) облыстарына тиесілі.
Өндірісті ақшамен есептегенде, электр энергиясын өткізу және қайта бөлу осы мерзімде 794,8 млрд теңгені құрады. Өндірістің құн түріндегі сомасы Павлодар облысында 170,6 млрд теңгені, Қарағанды облысында 105,4 млрд теңгені құраған. Көшбасшы үш аймақтың соңында 65,3 млрд теңгемен Алматы облысы орын теуіпті.