Алматы әкімдігі Жаңа жылға дайындықты бастап кетті

Жарияланған:
08.11.2019, 10:46

Аудан әкімдіктері тендерлік байқауды тамыз айынан бастап жариялаған

Фотоколлаж

Алматының үш ауданы Жаңа жыл мерекесін атап өтуге қызу дайындалып жатыр. Azattyq Rýhy тілшісі Түрксіб, Медеу және Алатау аудандары әкімдіктері қаланы безендіруге қанша теңге жұмсайтынын анықтап көрді.

Аталған үш аудан Жаңа жылға дайындықты желтоқсан былай тұрсын, күз басталмай жатып бастап кеткен. Мәселен, Түрксіб ауданы безендіруге тендерді 5 тамыз күні жариялапты. Бұл үшін әкімдік 4 миллион 464 мың ұсынған. Ал, байқауды жеңіп алған «Киелі Мекен» компаниясы аталған жұмыстарды 3 млн 800 мың теңгеге атқарып беруге дайын.

Ал, Медеу ауданы әкімдігі Жаңа жылға дайындықты қыркүйек айында бастап, аудан территориясын безендіруге 4 миллион 464 мың теңге бөлген. Тендерге 3 компания қатысып, олардың тек біреуінің ғана құжаттары талапқа сай келгендіктен, байқау өткізілмей қалды.

Алатау ауданы болса бұл жұмыстарды жүргізуге 5 миллион 880 мың теңге қарастырған. Тендер қазан айында жарияланып, оған қазір 2 компания қатысып жатыр.

Мерекелік шараларды ұйымдастырумен айналысатын ивент-компания басшысы Анна Плетневаның айтуынша, жыл соңында тапсырыстар шамадан тыс көбейіп кетеді екен.

«Қазір мерекелік шараларды ұйымдастырумен айналысатын кәсіпкерлердің уақыты. Олар мына тендерлерден үлкен табыс табады, өйткені ондағы бағалар асыра көрсетілген. Мәселен, интернет-дүкенде жарық-диодты лента тендердегі бағадан үш есеге арзан. Сапасы сәл төмендеу болуы мүмкін, бірақ жаңажылдық бір маусымға шыдас береді», - дейді ол.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Қазақстанда былтыр 700-ге жуық адам алкогольден уланып өлген
Қазақстанда ұялы байланыс операторларының қызметі қымбаттай ма?
Денис Теннің аты энциклопедияға енді

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.