$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.08.2020, 15:54
Қоғам

Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер кілтін табыстады

Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар

Алтай Көлгінов әлеуметтік пәтерлер кілтін табыстады
Фото: astana.gov.kz

Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған әлеуметтік пәтерлер кілті табысталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала сайтына сілтеме жасап.

Жаңа тұрғын үй кешенінде 250 пәтер бар. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мен кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік осал топтары) арасында бөлінеді .

«Бүгін барлығымыз үшін маңызды күн. Ата Заңымыздың 25 жылдығы - Конституция күні қарсаңында өз пәтерлеріңіздің кілтін алып жатырсыздар. Құрылыс саласында қол жетімді тұрғын үй салу өте маңызды. Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жыл сайын мыңдаған отбасы көптен күткен баспаналарын алады. Пәтерлерді кезекке сәйкес үлестіреміз. Әлеуметтік тұрғын үй әлеуметтік осал санатқа арналған, бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналар, жетім балалар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, ҰОС ардагерлері, көп балалы отбасылар және т.б. Келесі аптаның соңында тағы мың әлеуметтік пәтерді табыстаймыз», - деді қала әкімі.

Осы бағдарлама бойынша әлеуметтік қызметкерлер, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полицейлер, мәдениет және спорт қызметкерлері пәтер алуға өтініш бере алады.

Серіктес жаңалықтары