26.08.2020, 09:21
Қоғам
Қазақстанда шілде айында пара алғандар саны күрт өсті
Ең көп пара алған облыстар үштігі жария болды
Биыл қаңтар-шілде айларында парақорлыққа байланысты 877 құқықбұзушылық тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,2%-ға көп, деп хабарлайды Ranking.
«Шілде айында 56 парақорлық құқықбұзушылық тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 69,7%-ға көп. Маусым айында бұл қылмыс бұдан екі есе аз тіркелген», - деп хабарлайды портал.
Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлық саласындағы құқықбұзушылықтардың ең көбі Батыс Қазақстан облысында: 100 оқиға тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. Алғашқы үштікте Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары бар. Әр облыста 75 құқықбұзушылық оқиғасы тіркелген.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
