$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Облыстық білім басқармалары бірнеше күн ішінде компьютер тапшылығын жоюы керек деген тапсырма алды

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 1 қыркүйекке санаулы күн қалса да, техникасы жоқ оқушы мен ұстаз көп дейді

Облыстық білім басқармалары бірнеше күн ішінде компьютер тапшылығын жоюы керек деген тапсырма алды
Фото: ашық дереккөзден

Жаңа оқу жылына дайындықты пысықтаған Үкімет басшысының орынбасары дәстүрлі Тамыз конференциясын онлайн-форматта өткізді. Ералы Тоғжановтың айтуынша, биыл негізгі жауапкершілік аймақтардағы білім басқармаларының басшыларына артылады.

«Оқу жылының басталуына санаулы күн қалды, ал көп баланың компьютері жоқ, сабақ беретін ұстаздар саны да жетпей жатыр. Сондықтан, әрбір білім басқармасының басшыларына жаңа оқу жылына сақадай сай отыру үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Осы және өзге де себептерге байланысты, баласын кезекші топқа жіберетін ата-ана мектептегі санитарлық талапқа бағынуы керек. Оқушы да бұрынғы емен-еркін үзілісті ұмытып, ұстазының айтқанына құлақ асуы шарт.

«Коронавирус инфекциясының таралу қаупі әлі сейілген жоқ. Ал, балабақша мен мектеп қатаң бақыланатын нысандарға айналады. Баланың денсаулығына оның кезекші топтағы оқу процесіне қатысатын тараптың бәрі жауапты болады», - деп ескертті Тоғжанов.

Осылайша, Премьердің орынбасары мектептерге бірнеше нақты тапсырма берді. Атап айтсақ, балаларды есік алдында кезекші ұстаздар күтіп алады. Адамдардың топтаспауы үшін әрбір сыныптың мектепке келетін уақыты әртүрлі болуы керек. Әрбір мектептің алдына дезинфекциядан өткізетін тунел қойылып, фильтр кабинеттері міндетті түрде ашық тұруы керек.

Серіктес жаңалықтары