$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.08.2020, 01:35
Қоғам

Елорданың спорт мектептеріне балаларды қабылдау 1 қыркүйекте басталады

Қалада 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді

Елорданың спорт мектептеріне балаларды қабылдау 1 қыркүйекте басталады
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының спорт мектептеріне балаларды қабылдау 1 қыркүйекте басталады. Жаттығу сабақтары санитарлық дәрігердің арнайы бұйрығынан кейін ғана басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта қалада 11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. 73 бөлімшеде 8513 адам 57 олимпиадалық және 16 олимпиадалық емес, ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Басқармаға қарасты кәсіпорындардағы жаттығу процесі тегін жүргізіледі.

Биыл балаларды конкурстық негізде қабылдау 1 қыркүйектен басталып, қазан айының ортасына дейін жалғасады.

«Тіркелу үшін нақты спорт түрін таңдап, мектеп әкімшілігімен байланысыңыз. Бұл ретте жаттығу процесі бас санитарлық дәрігердің шешімінен кейін басталады», - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері.

Қабылдауға керек құжаттар: ата-анасынан анықтама, баланың туу туралы куәлігінің және ата-анасы куәліктерінің көшірмесі, медициналық анықтама.

Серіктес жаңалықтары