Елордалық жастарды баспанамен қамту: 1 сағатта 1500 өтінім түскен
Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастарға жалға пәтер беруге өтінім қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейтін жастарға жалға пәтер беруге өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Елорда Инфоға сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс істеп жүрген жастарынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алуға өтініш қабылдау басталды. «Smart Astana» порталында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайды алуға құжат қабылдаудың алғашқы сағатында жастардан 1500-ден астам өтініш келіп түсті», – деді «Астана Innovations» АҚ баспасөз хатшысы Әсел Әлімханова.
Оның айтуынша, қабылдау таңертеңгі сағат 10:00-де басталды, бір сағаттың ішінде (сағат 11:00-де) 1500-ден астам адам Smart Astana сайтына кіріп үлгерді.
Үміткерлерге 30-дан 45 шаршы метрге дейін 848 бір бөлмелі және жалпы ауданы 46-дан 70 шаршы метрге дейін 202 екі бөлмелі пәтер берілетін болады. Тұрғынжай сатып алу құқығынсыз бес жылға жалға беріледі, оған айына 5-15 мың теңге және коммуналдық төлемдер төленеді.
Сонымен бірге, Ә.Әлімханова www.smart.astana.kz порталында өтінішті қалай беру керек екендігін атап өтті.
«1. Ең маңызды қадам! Өтініш бермей тұрып, сіз компьютеріңізге NCALayer бағдарламасын жүктеп, орнатуыңыз керек. Ол ЭЦҚ-мен жұмыс жасау үшін қажет. Бағдарламаны http://pki.gov.kz/index.php/ru/fizicheskie-litsa сілтемесі бойынша жүктеп алуға болады.
2. Сіздің ЭЦҚ кілтіңіз болуы тиіс (жеке куәлікте емес, тек флешкада). Сіздің цифрлық қолтаңбаңыздың мерзімі өтпеген болуы тиіс (айтқандай, оның әрекет ету мерзімі берілген сәттен бастап 1 жыл).
3. http://www.smart.astana.kz порталында «конкурсқа қатысу үшін өтініш беру» бастырмасын басу қажет.
4. Тіркеуден өтіңіз. Бұл жерде ЭЦҚ кілтіне жолды көрсету қажет (ЭЦҚ кілт тізімінен тек бірінші жазбаны таңдайсыз). Содан кейін жеке деректерді толтырыңыз (электрондық поштаның мекенжайы, ұялы телефон нөмірі), осы мекенжайларға хабарламалар жіберілетін болады, сондықтан өзінің шынайы деректерін көрсеткен жөн. Келесі қадам – жаңа пароль ойлап табыңыз.
5. Жария офертамен танысыңыз.
6. Барлық сұраққа тек әділ жауап беріңіз. Жалған жауабыңыз өтінішті қабылдамауға себеп болуы мүмкін.
7. Содан кейін сізге талап етіліп отырған файлдарды тіркеу және жұмысыңыз туралы ақпаратты толтыру қажет.
8. Және ең соңғы қадам – өтініш беруші және оның отбасы туралы деректерді мемлекеттік базалардан тексеру.
Назар аударыңыз! Егер бұл жерде жолақтардың бірі айқындалмаса, «Сіздің деректеріңіз табылмады, құжатты тіркеңіз» деген қате мәтіні қызыл түспен пайда болады. Сонда сізге сканерден өткізілген құжатты қолмен тіркеуіңізге болады. Және, әрине, барлық жолақтардың толтырылуы міндетті, - деп жазды компанияның баспасөз хатшысы.
Тұрғынжай алуға үміткерлер үшін белгілі бір шарттар бар екенін ескертеміз, атап айтқанда олардың:
— жасы 2019 жылғы 6 желтоқсанда жиырма тоғызға толмаған (құжаттарды беру және өтінішті қарау сәтінде);
— аяқталған орта/арнайы орта/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар және ресми жұмыспен қамтылған;
— Нұр-Сұлтан қаласында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растаған, уақытша немесе үзілістері бар тіркеуде тұрған тұлғалар іріктеуден өтпейді;
— өтініш берушінің, барлық отбасы мүшесінің өтініш беру алдында 2 жыл ішінде ҚР-да меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растаған;
— ай сайынғы табысы соңғы 6 айға 101 мың теңгеден бастап және зейнетақы жарналары;
— банктік шоты болуы тиіс.