$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2019, 08:51
Қоғам

Қызылордадағы балабақша: «Жұмысшылар саны шамадан артық, бірақ тамақ істейтін аспаз жоқ»

Балалардың ас-ауқатын еден жуушы әйел дайындап келген

Қызылордадағы балабақша: «Жұмысшылар саны шамадан артық, бірақ тамақ істейтін аспаз жоқ»

Қызылорда облысы Жаңақорған кентіндегі балабақшалардың біріндегі былықты өз қызметкерлері дүйім жұртқа мәлімдеген еді. Балалардың қара нан мен судан басқа жейтін тамағы жоғын, теледидар орнына планшет көріп отырғанын видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген балабақша қызметкері атқарушы биліктен көмек те сұраған. Артынша аталған мекемеге «Nur Otan партиясының өкілдері барып тексеру жүргізді.

Анықталғандай, балабақшада ас-ауқат істейтін қондырғының орнына небәрі екі көзі бар кішкентай ғана плита қойылыпты. Ал, тамақты аспаз емес, еден жуатын жұмысшы істеп келген. Оның өзінің ешқандай санитарлық кітапшасы жоқ.

«Лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде атқармауына көзімізді жеткізіп отырмыз.  Тамақ сапасы қадағалау барысында белгіленген меню талапқа сай емес, қадағалаушы бракераждық комиссия жұмыстарының құжаттарының ешқайсысы жоқ», - дейді «Nur Otan» партиясы ҚОФ жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Аида Әбибуллаева.

Балаларды күніне 5 рет тамақтандыру үшін жергілікті бюджеттен миллиондар бөлініп келіпті. Алайда, мекемеге бас сұққан партиялықтар тамақ сақталатын қоймадан да, тоңазытқыштан да түк таппады.

«Бала-бақшаның жылдық бюджеті 88 миллион. Питаниеге соның ішінде 10 миллион бөлінеді. Келетін бала саны жалпы 41 бала. Күн салқын түсуіне байланысты 28 бала. Бір күнге 450 теңге бөлінеді бір балаға», - дейді Жаңақорған кенті әкімінің міндетін атқарушы Жарасхан Мырзалиев.

Құжат бойынша бұл бөбекжай санаториялық бағытта жұмыс істейді. Бірақ мұнда қарапайым санитарлық талаптар орындалмай келген. Партиялықтар "Алпамыс" балабақшасында штаттық қызметкерлердің де саны сәйкес келмейтінін анықтапты. 50 штаттық бірлікте 62 қызметкер жұмыс істеп жүр. Бірақ бұл бергі жағы ғана екен.

«Біз мұнда істейтін қызметкерлердің санитарлық кітапшаларын көрген жоқпыз. Олармен еңбек шарттарын да жасаспаған. Дәрігер-фтизиатр да жоқ.  Тиісті маманның болмауы балалардың антропометриялық деректерінің бұзылуына алып келіп отыр», - дейді «Nur Otan» партиясы ҚОФ жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Аида Әбибуллаева.

Осынау тексеруден кейін балабақша басшысы жұмыстан қуылып, мекемеге қажетті деңгейде азық-түлік жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары