$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2019, 01:11
Қоғам

СҚО-да 600 шақырымдай жол жөнделді

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге 18,6 миллиард теңге бөлінген

СҚО-да 600 шақырымдай жол жөнделді

Солтүстік Қазақстан облысында 600 шақырымға жуық жол жөнделді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Солтүстік Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 8998 шақырымды құрайды. Биыл жөндеу жұмысымен жолдардың 580 шақырымы қамтылды», делінген хабарламада.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге 18,6 миллиард теңге бөлінген. Бөлінген қаржының 15,3 млрд теңгесі – республикалық бюджет қаражаты. Қаржыландыру есебінен өңірдегі жолдардың 8 шақырымы қайта жаңартылып, 17 шақырымы күрделі, 333 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ, жол төсемдерінің 240 шақырымы ресайклинг әдісімен жөнделуде.

Солтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 1468 шақырымды құрайды. Олардың 86,4%-ы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда. Жергілікті желіге тиесілі 7530 шақырым жолдың 39% нашар жағдайда деп бағалануда.

Еске сала кетсекйық, 2019 жылы республика бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 4,6 мың шақырымы жөндеу жұмысымен қамтылған. Бұл мақсатқа 218 млрд теңге бөлінген болатын.

Серіктес жаңалықтары