$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2020, 10:09
Қоғам

Түркістан облысында «жер алып беремін» деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды

Ол алаяқтық жолмен танысынан 700 мың теңгеден астам ақша алған

Түркістан облысында «жер алып беремін» деп жұртты алдаған алаяқ ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері «жер алып беремін» деп алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Сайрам аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, 2019 жылдың мамыр айында әлдебір танысының «Ақбастау ауылынан 1 га суармалы жер алып беремін» деп алдап, сөзіне сендіріп, алаяқтық жолмен 700 000 теңгеден астам ақшасын алып кеткенін хабарлады. Аталған жайтты аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді.

«Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ер адам аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады. Ақшаны қажеттілігіне жаратып жіберген. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады полиция өкілдері.

Серіктес жаңалықтары