Қар аралас жаңбыр жауады: қазан айының алғашқы демалысында күн күрт суытады

Тек еліміздің батысында ғана күн жылы болады

Қар аралас жаңбыр жауады: қазан айының алғашқы демалысында күн күрт суытады
Фото: istockphoto.com

Қазан айының алғашқы демалыс күндері елімізде ауа райы күрт суытады. Қазақстан аумағына қуатты Солтүстік циклонның келуіне байланысты күн райы салқындайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, ауа райы тұрақсыз болады. Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта қар жауып, көктайғақ орнайды және бұрқасын болады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады.

«Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді. Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы 0,+5°С-қа дейін, шығыста +7+12°С-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0,+5°С-қа дейін суытады», – делінген синоптиктер болжамында.

Еліміздің батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.