Қызылордада жүзге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды
Ауыл тұрғыны аулада той өткізбек болған
Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында жүзге жуық адам жиналған үйлену тойы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
«Қалалық мобильді топ 100-ден астам адам жиналған аулада өтуге тиіс үйлену тойын тоқтатты. Мобильді топ құрамында қалалық прокуратура, қалалық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бар», - деп жазылған хабарламада.
Айта кету керек, мамандар бүгінге дейін қала аумағында орналасқан 9 мыңға жуық нысанды аралады. Карантин талаптарын сақтамаған 160 нысанға қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті анықтама жолданды. Оларға тиісті шара қабылданды.