$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2020, 00:57
Қоғам

Жамбыл облысында 8 жыл бұрын салынған балабақшаның қабырғасы қисайып кеткен

Балабақшаны салуға 424 млн теңге жұмсалған

Жамбыл облысында 8 жыл бұрын салынған балабақшаның қабырғасы қисайып кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Қаратау қаласында 8 жыл бұрын пайдалануға берілген балабақшаның қабырғасы қисайып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Астана» деп аталатын балабақша 2012 жылы ғана салынған. Бұл 280 орындық бөбекжайға «Балапан» бағдарламасы бойынша бюджеттен 424 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Енді міне, 10 жыл өтпей жатып жарты миллиард теңгелік ғимараттың қабырғасы қисайып шыға келді. Мамандар балабақша ғимаратына күрделі жөндеу қажет деген қорытынды жасапты.

«Өздеріңіз барып көрдіңіздер ғой, ғимаратта жырық бар. Қабырға солға қарай 2 сантиметрге ауытқып тұр. 5 млн-дай қаражат құйып, жобасын жасаттық. Бүгінгі таңда сол 70 млн-ның көлеміндей қаражат қажет», - деді Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов.

Серіктес жаңалықтары