Халық өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, дауыс беріп жатыр  – бақылаушы

«Әділет» партиясынан байқаушы Гүлмира Алдабергенова сайлау учаскелеріндегі жағдайға баға берді

Халық өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, дауыс беріп жатыр  – бақылаушы
Фото: жеке мұрағат

Бүгін Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Түркістан облысындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру ұйымдасқан түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Әділет» партиясынан байқаушы Гүлмира Алдабергенова сайлау учаскелеріндегі жағдайға баға берді.

«Сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Таңертеңнен бері қарттар мен жас отбасылар дауыс беруге келіп жатыр, халықтың көңіл-күйі де жақсы. Байқаушы ретінде дауыс беру процесін бақылап отырмын. Әзірге заң бұзушылық тіркелген жоқ, сайлау комиссиясы өз жұмысын талапқа сай атқарып жатыр», – деді Гүлмира Алдабергенова.

Байқаушы бүгінгі сайлаудың ел тарихындағы маңызына да тоқталды.

«Бұл – еліміз үшін тарихи кезең. Оның ерекшелігін тұрғындардың көңіл-күйінен де байқауға болады. Кейбір ақсақалдар ақ батасын беріп, сайлауға сәттілік тілеп жатыр. Халық өз таңдауына жауапкершілікпен қарап, дауыс беріп жатыр», – деді ол.