ШұғылҚазақстанда тағы 1708 адамнан коронавирус анықталды

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды

Алғашқы сот отырысы қарашаның ортасында өтеді деп жоспарланып отыр

© Yonhap News

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандыққа қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«Іс бойынша тергеу аяқталды. Іс сотқа жолданды. Алғашқы cот отырысы қарашаның ортасында өтеді деп жоспарланды. Ертең қазақстандық азамат жалдаған жеке адвокатымен кездесу болады», – деді А. Смадияров. 

Бұған дейін қазақстандықтың құқығын Корея ұсынған мемлекеттік адвокат қорғаған. 28 қазанда сотталушы жеке адвокат жалдаған. 

Айта кетейік, қазақстандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол Чанвон қаласындағы тергеу изоляторында жатыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін 20 жастағы қазақстандық Оңтүстік Кореяда бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткені хабарланған еді. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен. Ол 18 түрлі жарақат алған. Күдікті Павлодардан табылған. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға барған.  

2 қарашада Оңтүстік Кореяда тағы бір қазақстандыққа қатысты оқиға болған. Ер адам такси көлігіне соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалмақшы болған. Алайда, такси жүргізушісі оны ұстап үлгерген. Оның Оңтүстік Кореяда заңсыз жүргені анықталған. 
 

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады