$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 16:18
Қоғам

Ұлттық орталық коронавирустан жазылып шыққандарға пайдалы 5 кеңес ұсынды

Дұрыс тамақтану, ұйқының қанық болуы, таза ауада серуендеу - қалыпқа келудің тиімді жолы

Ұлттық орталық коронавирустан жазылып шыққандарға пайдалы 5 кеңес ұсынды
Көрнекі фото: facebook.com/www.hls.kz

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы Жазира Ембердиева коронавирусты инфекциямен ауырған адамдарға мынадай 5 кеңес ұсынды:

1. Күн сайынғы тыныс алу гимнастикасы. Дем алуды – дем шығаруды бақылау арқылы қарапайым жаттығулар жасау. Оларды отырып та, төсекте жатып немесе жартылай жатып та жасауға болады. Аурудан кейін организм әлі де күшеймегендіктен, жаттығуларда шамадан тыс көп жасамаңыз, жүктемелерді біртіндеп арттырғаныңыз дұрыс. Тыныс алу гимнастикасы өкпенің қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етеді және оны оттегімен қанықтырады. 

2. Күн сайын таза ауада серуендеу. Жаяу жүру газ алмасуды жақсартады және коронавирус инфекциясынан соң организмнің ұзақ уақыт әлсіреуінен кейін сізге өте қажетті күш-қуат береді.

3. Дұрыс тамақтану. Организмге ақуыздар, майлар және көмірсулар қажет. Көкөніс пен жеміс-жидек мол болатын жазғы мезгілді дұрыс пайдаланыңыз. Тәттілерден де бас тартпаңыз (тек белгілі бір көлемде) – ол көңіл-күйіңізді көтереді.

4. 7-8 сағаттан кем болмайтын толыққанды ұйқы. Ұйықтар алдында бөлмені міндетті түрде желдету керек және 2-3 сағат бұрын тамақтанған дұрыс. Бұл тез қалыпқа келуіңізге көмектеседі.

5. Стресс пен үрейдің алдын алу. Қазір барлығымыз – ауырғандар да, ауырмағандар да стресс жағдайындамыз. Аталған инфекцияның ерекшелігі - гипоксия, оттегі жетіспеуі. Бұл қорқыныштың және депрессияның алғышарты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда психологтан кеңес алуыңызға болады. Ол сізге алдағы уақытқа сенімділік бере алады. Жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты күшейтіңіз, табиғатқа шығыңыз, Д витамині деңгейін арттыру үшін күнге күйіңіз, дұрыс эмоция тезірек қалыпқа келуге көмектеседі.

Серіктес жаңалықтары