$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 12:36
Қоғам

Статистиканың қосылуына байланысты карантин созыла ма – ДСМ жауабы

2 тамыз күні Қазақстан бойына 1069 адамнан КВИ табылды

Статистиканың қосылуына байланысты карантин созыла ма – ДСМ жауабы
Фото ашық дереккөзден

Елімізде коронавирус жұқтырған науқастар мен коронавирустық пневмонияға шалдыққандардың статистикасы тамыз айынан бастап бірге есептеледі. Яғни, COVID-19 статистикасы күрт өзгеруі мүмкін. Осыған орай, карантиндік шектеулер мерзімі тағы өзгеруі мүмкін бе деген сауалға Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді.

«Карантинді ұзарту туралы шешім жан-жақты таразыдан өтіп барып қабылданады. Біз үшін аурулар санының өсуі немесе төмендеу динамикасы маңызды. Осы екі апта ішінде біз мәліметтерді бақылауда ұстаймыз. Егер, аурудың таралу деңгейі азайса, карантинді жеңілдету туралы жоспар бар», - деді Цой.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Мәселен, маусым айында ел бойынша ауруханалар толып кетсе, қазір екі мыңға тарта төсек-орын босаған.

Еске салайық, 2 тамызда Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 1069 адам тіркелді.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары