$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2020, 17:16
Қоғам

Бірқатар ЖОО оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр – Білім министрі

Асхат Аймағамбетов ЖОО басшыларына өтініш жасады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отандық жоғары оқу орындарына пандемия кезеңінде оқу ақысын төлеуге қиналған студенттерге қолдау көрсетуді ұсынды.

«Пандемия салдарынан студенттердің оқу ақысын төлеу мүмкіндігі азайғанын көріп отырмыз. Жалпы, экономикалық ахуалды көріп отырсыздар. Сондықтан ЖОО тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын», - деп атап өтті министр онлайн форматта өткен аппарат жиынында.

Осы ретте Асхат Аймағамбетов екі мәселеге тоқталды.

«Ең алдымен, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін жасау. Біз жүргізген талдау нәтижесінде осындай мәселелер анықталды. Сондықтан бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыруларыңызды сұраймын. Екіншіден, біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз ЖОО қазір оқу бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да сіздерге өтініш бар – осы ахуалды біле отырып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл - өте маңызды. Сондықтан бұл мәселені сіздер қарастырып, тиісті шешім қабылдайды деп сенемін», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары