$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2020, 17:01
Қоғам

Тамызда Тайланд пен Грузияға қатынайтын рейстер ашылуы мүмкін

Мемлекет аталған елдермен келіссөз жүргізіп жатыр

Тамызда Тайланд пен Грузияға қатынайтын рейстер ашылуы мүмкін

Тамыз айында қазақстандық туристер көп баратын Таиланд пен Грузияға рейстер ашылуы мүмкін. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» төрағасы Ержан Мәлікұлы мәлім етті.

«Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруын ескере отырып, қазіргі уақытта бірқатар елдермен әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша мәселелер қарастырылуда, оның ішінде тамыз айында Таиланд пен Грузияға рейстер ашу жоспарлануда. Өздеріңіз білетіндей, көшпелі туризм бойынша 20 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық қатынас ашылды. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды», - деді Ержан Мәлікұлы.

Айта кететіні, 2020 жылғы 20 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде 622 қазақстандық турист туркомпания қызметтерін пайдаланып, Түркияда демалуға мүмкіндік алған. Осылайша, көшпелі туризм саласындағы компаниялар туристер алдындағы, оның ішінде бұрын ауыстырылған жолдамалар бойынша өз міндеттемелерін орындауды бастай алады.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Туризм #Грузия