Карантинде туристер Алакөл мен Бурабайдың курорттық аймақтарында демалысын жалғастырады
Бұған дейін аймақтарда карантиндік шектеулер енгізілген болатын
Карантин кезінде де, одан кейін де Алакөл мен Бурабай курорттық аймақтары демалысқа келушілерді қабылдауды жалғастыра береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Адайұлы мәлім етті.
«Курорттық аймақтардағы орналастыру орындарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және төленген броньдар бойынша ақшалай қаражаттың қайтарылуын болдырмау мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жоғарыда көрсетілген санитарлық дәрігерлердің Қаулыларына кейбір толықтырулар енгізу мүмкіндігін талқылады.
Нәтижесінде, Алматы облысындағы Алакөл көлінің жағалауында, сондай-ақ Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан курорттық аймақтар бойынша келесідей келісілген шешімдерге қол жеткізілді:
- Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қызметі берген тиісті дайындық актілері бар, орналастыру орындарында алдын ала төленген броньдар бойынша демалушыларды қабылдауға рұқсат етіледі.
Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлінің жағалауында отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасының болуы жағдайында, бұрын көзделген талаптарды ескере отырып, демалуына болады.
Блок-бекеттердегі өткізу жүйесі туристерде орналастыру орындары ұсынған броньның бар-жоғы туралы деректермен салыстырылатын болады», - деді ол.
Туризм комитеті төрағасының мәліметінше, барлық курорттық орындарда осы жылдың жазғы туристік маусымының соңына дейін броньдау үшін бос орындар қалмаған.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан