$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 16:05
Қоғам

Экология министрі Көбейтұздың не үшін 49 жылға жалға берілмейтінін түсіндірді

Бұған дейін Ақмола облысындағы туристік нысан жекеменшікке жалға берілетіні туралы айтылған

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысындағы Көбейтұз көлінің жалға берілетіні туралы алғаш болып Azattyq Rýhy тілшісі жазған еді. Жоспар бойынша конкурс 27 шілде күні аяқталып, жекеменшік тарапқа жалға берілуі керек болған.

Бірақ кеше Ақмола облысының Туризм басқармасы, бүгін Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім еткендей, Көбейтұзды 49 жылға жалға беру бастамасы конкурстан түсіп қалған. Бұған Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың арасындағы әңгіме түрткі болған.

«Кеше Ақмола облысының әкімі Маржықпаев мырзамен сөйлестім. Көбейтұз көлін конкурсқа шығармау туралы шешім қабылданды. Тиісінше, көл жалға берілмейді», - деді бүгін брифингте Мырағалиев. 

Министрдің айтуынша, кез келген туристік нысанды жалға берудегі басты мақсат – жекеменшік адамның туристерге қолайлы жағдай жасауына мүмкіндік беру.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары