21.07.2020, 14:38
Қоғам
Қордай ауданында 19 млн теңгенің дәрі-дәрмегін заңсыз тасыған жүк көлігі ұсталды
Тәркіленген дәрілік препараттар Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды
Фото: sputniknews.kz
Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстың ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекаралық бекетінде тауарлық-ілеспе құжаттарсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған жүк көлігін ұстады.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-б. 1-б. сәйкес,(заңсыз кәсіпкерлік) сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Жүк көлігінен 19 млн теңгеден астам сомаға дәрілік препараттардың 20-ға жуық түрі анықталып, тәркіленді», - деп хабарлайды.
Тәркіленген дәрілік заттардың бәрі Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы