«Заңды әйелі екі күн жанына келе алады»: былтыр Қазақстанда 626 адам түрмеде некесін қидырған
Олар заңды некедегі жұбайымен екі тәулік дейін, тәртібі жақсы болса, үш күн кездесе алады
Жуырда жазғанымыздай, редакциямызға хабарласқан аноним дереккөз 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев ресми некеге түсіп, заңды некедегі әйелімен кездесуге шығып тұратынын айтқан еді. Azattyq Rýhy осы мәселеге қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдаған еді.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен жауап келгенше, Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов бұл ақпаратты жоққа шығарған.
Ал, комитеттің баспасөз қызметі болса, Бишімбаевтың некесіне қатысты сұрақты жауапсыз қалдырған. Есесіне, былтыр түрмеде үйленгендердің санын ұсынған.
«2025 жылы мекемелерде 626 сотталған заңды некесін қиған», - деп жазылған комитеттің ресми жауабында.
Ал, олардың заңды некедегі жұбайымен қайда және неше күн кездесетіні туралы сұраққа жауап ретінде комитет Қылмыстық кодекстің 106-бабына сілтеме жасаған.
Қазір қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 106-бабына сай, сотталғандар қысқа мерзімді және ұзақмерзімді кездесулерге шыға алады. Қысқа кездесудің ұзақтығы – екі сағат. Ал, заңды некелері келетін ұзақ кездесудің уақыты – екі тәулік. Сотталған адам жақсы мінез-құлық танытса, кездесуін үш күнге создырып ала алады.