$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.03.2026, 13:40
Қоғам

«Отбасы банк» зейнетақы қорындағы «артық» ақшаны ипотека жабу үшін қолдануға қайтадан рұқсат берді

Банк бірнеше ай бұрын өтініш қабылдауды тоқтатып еді

«Отбасы банк» зейнетақы қорындағы «артық» ақшаны ипотека жабу үшін қолдануға қайтадан рұқсат берді
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін, 2 наурыздан бастап «Отбасы банк» бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы артық ақшаны ипотека жабу үшін қолдануға қайтадан рұқсат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Яғни, азаматтар бүгінгі күннен бастап ипотеканың негізгі қарызын жабу үшін зейнетақы қорындағы межеден артылған ақшасын ала алады.

Айта кетейік, қаңтардың соңында «Отбасы банк» зейнетақы қорындағы артық ақшаны ипотека төлеу үшін де алуға уақытша шектеу қойған еді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр күзде Атырауда жалған стоматологиялық қызметтер арқылы азаматтардың зейнетақы қорындағы 200 млрд теңге ақшасын шешіп берген бес қылмыстық топты тергеу басталған болатын. Қаржы мониторинг агенттігі бұл істе 10 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады. Дегенмен, тергеуде елу адам және 200-ден астам дроппердің ісі де бар екені хабарланған. Ал, тіс емдету үшін зейнетақы қорындағы артық ақшасын алған азаматтар қылмыстық іске тартылмайтын болды. Кейін денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы «артық» ақшасына тіс емдетуге мүлде тыйым салуды ұсынды. Кейін, тиісті бұйрық негізінде қордағы артылған ақшаны тіс емдеу, пластикалық хирургия және көз емдеуге жұмсауға толық тыйым салынды.