$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 14:22
Қоғам

«Ақшаға қатты мұқтаж болған»: Түркістан соты 13 млн теңгеге бүйрегін сатпақ болған азаматты сот залынан босатты

Ол әлеуметтік желіге

«Ақшаға қатты мұқтаж болған»: Түркістан соты 13 млн теңгеге бүйрегін сатпақ болған азаматты сот залынан босатты
Фото: © freepik.com / nadezdagorosko

Түркістан облысының соты әлеуметтік желі арқылы бүйрегін 13 млн теңгеге сатпақ болған азаматтың қылмыстық ісін қарап, оны жазадан босатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға 2025 жылдың ақпан айында болған. Жігіт «Телеграмм» арқылы бүйрегін 13 млн теңгеге сатамын деп, жарнама берген. Бұл жарнама полицияның назарына ілігіп, құқық қорғау органдарының бір азаматы сатып алушының кейпіне еніп, кездесуге барған. Сол жерде азамат «бүйрегін сатып аламын» деген азаматтан 5 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталған», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Азаматтың ісін қараған сот бұл әрекетінің себебін сұраған.

«Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, ауыр материалдық жағдайға тап болғанын, ақшадан мұқтаждық көріп жүргенін, сондықтан, бүйрегін сатуға бел буғанын айтқан. Сот әрекеттің орташа ауыр қылмыс екенін, бірақ ешкімге зиян тигізбегенін ескеріп, оны Раұымшылыққа іліндірген. Солайша, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты», - деп хабарлайды Түркістан облысы.