$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:38
Қоғам

Рамазан айында құдайы астарды қай уақытта берген дұрыс – Бас мүфти ойын айтты

Бас мүфти сондай-ақ дәмханаларға ауызашар мәзірін арзан бағада сатуды ұсынды

Рамазан айында құдайы астарды қай уақытта берген дұрыс – Бас мүфти ойын айтты
Фото: www.muftyat.kz/

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгінгі Рамазан айына орай, қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында барша отандастарын он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаған.

«Ораза – ең алдымен жүректің амалы. Рамазан – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру», - деп жазған Бас мүфти өз үндеуінде.

Осы ретте ол қазақстандықтарды қасиетті айда Мүфтият ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырды.

«Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық.  Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз», - деп жазған Бас мүфти өз үндеуінде.