«Банк картамды жоғалтып алдым»: Ұлттық банк алаяқтықтың тағы бір түрі ескертті
Алаяқтар енді банктерді алдай бастаған
Ұлттық банк алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертіп, азаматтарға ескерту жасады. Ұлттық банктің мәліметіне сүйенсек, алаяқтар әртүрлі сайттар мен маркетплейстерден клинеттердің жеке деректерін тауып алып, банктерге телефон соғады, деп жазады Azattyq Rýhy
Ары қарай банк қызметкеріне картасын жоғалтқанын айтып, оны бұғаттауды өтінеді. Банк картаны бұғаттағаннан кейін олар сол клиенттің өзіне қайта телефон соғып, картасын әлдекімдер бұғаттағанын, сондықтан, оны бұғаттан шешу үшін телефонына келген кодты немесе карта артындағы үш цифрды айтуды сұрайды.
«Төлем картасы бұғатталған жағдайда картаның екінші бетінде немесе мобильді қосымшада көрсетілген нөмір арқылы банктің ресми колл-орталығына хабарласқан дұрыс. Есіңізде болсын, қаржы ұйымдарының қызметкерлері SMS-хабарламада көрсетілген пароль мен кодты ешқашан сұрамайды және мобильді құрылғыны қашықтан басқаратын қосымшаларды орнатуды талап етпейді», - деп хабарлайды Ұлттық банк.