$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2020, 11:05
Қоғам

Түркістан облысында жұмыс барысында қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы төленеді

Өңірде пневмониядан 5 дәрігер көз жұмған

Түркістан облысында жұмыс барысында қайтыс болған дәрігерлерге өтемақы төленеді

Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған, оның 24-і емделіп шықты. Ал пневмония дертінен 5 дәрігер көз жұмды. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

«Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз», - деді облыс әкімі.

Коронавируспен күресу үшін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған 17 368 қызметкерге наурыз-маусым айларына үш санат бойынша 2 867,1 млн теңге берілген.

Серіктес жаңалықтары