$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2026, 11:10
Қоғам

«Бала өлі туды»: Семейде 20 жастағы ана шақалақтың денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

Одан басқа тағы бір адам ұсталған

«Бала өлі туды»: Семейде 20 жастағы ана шақалақтың денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен
Фото: istockphoto.com

Семей қаласының қақ ортасындағы қоқыс жәшігінен шақалақтың мәйіті табылды. Полиция оның анасын тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, адам шошырлық жайт 3 ақпан күні тіркелген.

«2026 жылдың 3 ақпанында Әуезов полиция бөліміне Семейде қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Алғашқы іс-шаралар барысында үйінде босанған 20 жастағы қыз анықталды», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Ол полицияға баласы өлі туғанын айтқан.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», - деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.