$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.02.2026, 12:11
Қоғам

Вице-министр қыз алып қашуды насихаттайтын әншілерді қандай шектеу күтіп тұрғанын айтты

Оның айтуынша, отандық әншілерді көптеген шет елдерде де тыңдайды

Вице-министр қыз алып қашуды насихаттайтын әншілерді қандай шектеу күтіп тұрғанын айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Мәдениет және ақпарат министрлігі қыз алып қашуды насихаттайтын әндердің мазмұнына енді ерекше назар аударады. Бұл туралы мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бір сөзбен айтқанда, біз бұл мәселеге міндетті түрде назар аударамыз. Бұл сөзсіз. Өйткені қазақстандық әртістерді оңтүстік өңірлерде ғана емес, көптеген елде тыңдайды. Сондықтан да біз мұндай мәселелерге бей-жай қарамаймыз, міндетті түрде назар аударамыз», - деді ол Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Оның айтуынша, министрлік отандық орындаушыларға қыз алып қашуды насихаттайтын  әндерді орындамауға кеңес береді.

«Соңғы кезде кейбір өңірлерде қыз алып қашумен байланысты оқиғалардың қоғамда қандай резонанс тудырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселеде БАҚ өкілдерінің қолдауына да үміт артамыз. Қоғамның өзі де әртістерді басқа тақырыпта ән шырқауға ынталандырады деп сенеміз», - деді Кочетов.