$ 495.1  583.72  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:00
Қоғам

«Мен – қазақпын»: Ауғанстаннан Павлодарға келген азамат көші-қон қызметін алдап, 20 млн теңгені жымқырған

Заң бұзу фактісін аймақтың прокуратурасы анықтаған

«Мен – қазақпын»: Ауғанстаннан Павлодарға келген азамат көші-қон қызметін алдап, 20 млн теңгені жымқырған
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Павлодар облысына көшіп келген Ауғанстан азаматы өзінің қазақ екені туралы жалған ақпарат ұсынып, өзіне қандас мәртебесін алып, жалған құжаттар арқылы квота алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті бастады. Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды», - деп хабарлайды прокуратура.

Ол мемлекеттен алған квотасына құны 20 млн теңге болатын пәтер сатып алған.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды прокуратура.

Дереккөзге сүйенсек, қылмыстық қудалау органы алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.