$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2020, 09:46
Қоғам

7 мың ПТР-тестін заңсыз сатпақ болған алматылық тұрғындар ұсталды

Тексеріс барысында қосымша 2225 ПТР-тесті анықталды

7 шілдеде Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қалалық Полиция департаменті және Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында кәсіпкерлік қызметке рұқсат етілген құжаттарсыз ПТР-тестерін (COVID-19) сатуды ұйымдастырған тұлғалар ұсталды.

«Ұсталған тұлғалардың жалпы сомасы 32 900 000 теңгеге 7000 ПТР-тестін заңсыз сатпақ болғаны анықталды. Тексеріс барысында автокөліктен қосымша ҚХР өндірілген 2225 ПТР-тесті анықталып, тәркіленді. Қазіргі таңдаа аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік)», - делінген Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Қаржы мониторингі комитеті дәрілік заттарды сату кезінде спекулятивті бағаны жоғарылату фактілері мен алаяқтық әрекеттердің жолын кесу бойынша рейдтік шараларды өткізетін тергеу-жедел топтары құрылғандығын тағы да көпшіліктің есіне салды.

Серіктес жаңалықтары