$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2020, 09:44
Қоғам

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып кетті

Өңірде өткен аптада күн сайын инфекция жұқтырған 300-ден астам науқас тіркелген еді

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал ушығып кетті
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 101 адам тіркелді, деп хабарлады өкілетті орындар. Ол әрине, елді елеңдетеді. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал әлі де көңіл көншітер емес. Тұрғындардан маза қашты. Аурудан көз жұмғандар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде өткен аптада инфекция жұқтырған 300-ден астам науқас күн сайын тіркелген еді. Ал соңғы тәулікте 101 адамның ауырғаны белгілі болды. Өткен аптадағы көрсеткіштен 3 есе төмендеген. 30 маусым мен 6 шілде аралығында коронавирустан 7 адам көз жұмды. Ал күні бүгінгі дейін 50-ден астам адам қайтыс болған. Оған қоса, «Ковид-19» вирусын анықтау бойынша  тестіден өткен 10 мыңнан астам адамның сараптама нәтижелері әлі күнге дейін кешігіп жатыр.

Еліміз бойынша жедел-жәрдем қызметі шақыртуларға үлгере алмай жатқаны белгілі. Осыған орай, Денсаулық сақтау министрі 3000 мобильді бригада құрылғанын айтқан еді. Олардың қызмет құны – 5400 теңге. Ал Атырауда мұндай арнайы бригада жоқ. Жедел-жәрдем шақыртқан науқастарға тегін көмегін береді.

Күні кеше Алматы қаласынан қажетті дәрі-дәрмектің  жеткізілгенін айтқан едік. Соған қарамастан, әлі де керекті медициналық препараттар жетіспейді. Бұған коронавирусқа қарсы қабылданатын негізгі медициналық препараттардың жасырын жолмен сатылуы да себеп. Халыққа ең қажетті дәрілердің әдеттегі бағасынан 3 есе қымбат сатылғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары