$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2020, 12:49
Қоғам

Байқоңырда коронавирус жұқтырғандар ресейлік агенттік базасында емделіп жатыр

Өткен аптада Қызылорда облысында бір әйел коронавирустан көз жұмды

Байқоңырда коронавирус жұқтырғандар ресейлік агенттік базасында емделіп жатыр
Фото: informburo.kz

Байқоңыр қаласы бойынша коронавирусқа қатысты статистика Қызылорда облысы атынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан есепке енеді. Бүгін жауапты тұлғалар Байқоңырдағы инфекция жұқтырған қазақстандықтардың қалай емделіп жатқанын айтып берді.

«Байқоңырдағы инфекциялық аурухана Ресей федералды медициналық-биологиялық агенттігі базасында ашылған. Ал, мемлекеттік тапсырысты біз Сақтандыру қоры арқылы жасаймыз. Олар біздің азаматтар болған соң, мемлекеттік тапсырысты біз жасаймыз», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы.

Сондай-ақ Қазақстан тарапы Байқоңырда 30 адамға арналған провизорлық орталық әзірлеп берген. Оған қоса, тағы 6 төсек-орын дайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық жағдай нашарлаған соң, қала әкімшілігі маусым айының соңында таңғы 06.00-ден кешкі 21.00-ге дейін адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойған болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары