$ 546.36  630.44  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2020, 11:15
Қоғам

ДСМ қазақстандықтарды үйде болуға шақырды

Дәрігер кеңесі қажет болса, үйден шықпай-ақ, электронды үкімет порталы арқылы онлайн қызметке жүгінген жөн

ДСМ қазақстандықтарды үйде болуға шақырды
Фото ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі пандемия уақытында қазақстандықтарды үйде болуға шақырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ВАК.

Мамандар тұрғындарға тек мұқтаждық болғанда ғана далаға шығу керектігін айтып отыр.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды үйде болуға шақырады. Оқшаулану және алдын алу шараларын ұстану – коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатады», - делінген аталған хабарламада.

Егер аурудың алғашқы белгілері пайда болса және дәрігердің кеңесі қажет болса, үйден шықпай электронды үкімет порталы арқылы қызметтерді онлайн алу қажет дейді ДСМ. Атап айтқанда, аталған порталда емханаға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу немесе дәрігерді үйге шақыруға болады.

Серіктес жаңалықтары