БҚО-да коронавирусқа шалдыққан 92 адам ауыр халде жатыр
30-дан астам науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 92 адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жаспр.
Басқарма басшысы Болатбек Қаюповтың айтуынша, тәулігіне жедел жәрдемге 1200-ден астам қоңырау шалынады. Күні бүгін жұқпалы аурулар және провизорлық ауруханада төсек саны 717 болса, соның 72 пайызында адамдар жатыр. 30-дан астам науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылса, 52 адам оттегі маскасын тұтынуда.
«Емделушілердің көбеюіне байланысты жаңадан жабдықтар сатып алудамыз. Бүгін 21 жасанды тыныс алу аппараты стационарға жеткізілді. Осы аптада оттегі концентраторлары әкелінеді. Облыстық ауруханада екінші корпусты ашамыз. Бұл аса қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтып, емделушілерді көбірек қабылдауға мүмкіндік береді», - деді Болатбек Амангелдіұлы.