$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2019, 17:26
Қоғам

Нұр-Сұлтанда жастар айына 5 мың теңгеге пәтер жалдай алады

5-10 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастардан сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер бойынша өтініш қабылданады

Нұр-Сұлтанда жастар айына 5 мың теңгеге пәтер жалдай алады
informburo.kz

Өтініш тек электронды түрде Smart Astana порталы арқылы жүргізіледі. Бұл туралы elorda.info хабарлайды.

«29 жасқа толмаған астаналық жастардан жалға пәтер алуға өтінім «Смарт-Астана» мобильді қосымшасы арқылы қарашаның 5-10 аралығында қабылданады. Содан соң, барлық өтініш тексеріледі. Одан кейін өтінім берушілерге тағы бір күн уақыт беріледі, ол өтінім бергенде қандай да бір қателік кеткен болса соны дұрыстауға. Биыл елордада 1-2 бөлмелі 1050 пәтер беріледі. Құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, 202 - 2 бөлмелі пәтер, 848 - 1 бөлмелі пәтер берілетін болады. Жас азамат немесе азаматша жалға берілетін пәтерде 5 жыл тұра алады. Яғни 5 жылдан соң пәтерді босату қажет және сатып алу құқығы берілмейді. Себебі ол пәтер баспанаға зәру кейінгі буын жастарына берілетін болады. Ай сайынғы пәтерді жалдаудың құны 5 мың теңгеден 15 мың теңге аралығында болады. Бұл жерде ақысы пәтердің көлеміне қарай белгіленеді», - деді қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй» қорының директоры Нұрсұлу Қожахметова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.  

Жастар жылына орай Елбасының тапсырмасымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкен қалаларында жұмысшы жастарға тұрғын үй беру бойынша ережелерді бекіткен болатын. Аталған бұйрықты Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылының ашылу салтанатында берген еді.

Серіктес жаңалықтары