Қазақстандағы жемқорлық жайлаған ТОП-5 университеттің тізімі шықты

Жарияланған:
31.10.2019, 15:54

Студенттер арасындағы жүргізілген жасырын сауалнама нәтижесінде жемқорлық фактісі жиі кездесетін ЖОО-лар арасында атыраулық университеттер көш бастап тұр

asu.edu.kz

«Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанаты Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 15 мыңға жуық студенті арасында жасырын сауалнама өткізіп, жемқорлық фактілері ең көп кездесетін университеттердің рейтингін жасады.

«Таза сессия» акциясының нәтижесінде пара алу, пара беру бойынша бірінші орында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті тұрғаны анықталды. Екінші орында да атыраулық ЖОО тұр, сауалнама нәтижесіне сенсек, Атырау мұнай-газ университетінде де жемқорлық фактілері жиі кездеседі екен. Жемқорлық жайлаған ЖОО-лардың бестігіне Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті кіреді.

Сауалнамаға қатысқан студенттер ЖОО-дағы жемқорлықтың негізгі себебі ретінде ұстаздар жалақысының аздығын көрсеткен. Ал респонденттердің 23,1%-ы өздерінің оқуға деген қызығушылығының төмендігінен пара бергендерін мойындаған. Сондай-ақ жемқорлық фактісіне студенттер мен мұғалімдердің уақытты шығындағысы келмейтіні, оқытушылардың кәсіби шеберлігінің жеткіліксіздігі себеп болады екен. Университеттердегі бақылаудың аздығы еш қиындықсыз пара алып/пара беруге мүмкіндік жасап отырғанын да алға тартады.

Сауалнама барысында кейбір студенттердің дипломдық жұмысты өздері ізденіп жазбай, сатып алатындықтары да белгілі болған. Мәселен, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дайын дипломдық жұмыстың орташа бағасы 250 мың теңге тұрады. Ал ең арзан диплом бағасы Атырау мемлекеттік университетінде екен (орташа баға - 125 мың теңге).

Сессиясын «жақсы» бағамен жабу үшін де студенттер аз ақша жұмсамайды. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті мен Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да бұл «қызметтің» құны орташа есеппен 60 мың теңге тұрады екен. Бұл «қызмет» Атыраудағы мемлекеттік университет пен мұнай-газ университетінде шамамен 50 мың теңге тұрады. Ал Қазақ Ұлттық өнер университетінде 30 мың теңге.

Аралық бақылауды «сәтті тапсыру» құнына келсек, бұл жағынан Қарағанды медициналық университеті оқытушыларының тәбеті зор. Мұнда студенттер сынақтан сүрінбей өту үшін мұғалімдеріне 25 мың теңге ұсынады екен. Бұл «қызмет түрі» Атырау университеттерінде - 20 мың теңге, Арқалық мемлекеттік педагогикалық университетінде – 15,5 мың теңге, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да 12,5 мың теңге шамасында.

Абай Сейфулла

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Әйелдердің өмір сүруіне қауіпсіз елдер рейтингінде Қазақстан 43-орында
«Медеу» мұз айдынының дәретханасында зорланған қыз елден кетті
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларының қулығы әшкере болды

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағына» Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова жауап берді
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов