$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 11:32
Қоғам

«Бір жылда ауаға 697 мың тонна зиянды зат тараған»: Павлодар облысы Қазақстандағы ең лас аймақ атанды

Бұл – 2024 жылғы талдаудың қорытындысы

«Бір жылда ауаға 697 мың тонна зиянды зат тараған»: Павлодар облысы Қазақстандағы ең лас аймақ атанды
Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы Ұлттық баяндамасына сәйкес, Павлодар облысында атмосфераға тараған зиянды заттардың жалпы салмағы 697,8 мың тоннаға жетіп, ел бойынша ең үлкен көрсеткішке жеткен. Екінші орында - Қарағанды облысы, бұл облыстың ауасына  445,3 мың тонна лас зат тараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, бүгін Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика бойынша Орталық Азияға арналған Жобалық офис Ұлттық статистика бюросының баяндамасын ұсынған.

Дереккөзге сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда ауаны ластайтын 232,8 мыңнан астам мекеме тіркеліп, олар республика атмосферасына 2 млн 271,4 мың тонна лас заттар таратқан. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың көрсеткішінен біршама асып кеткен көрінеді.

Мақаланың басында айтып өткеніміздей, Қазақстан бойынша ең лас облыстар ретінде Павлодар және Қарағанды облыстары аталған.

Ал, ауасы ең таза аймақтардың қатарында Атбасар, Щучинск, Көкшетау, Орал қалаларында, Глубокое, Ауэзов және Қордай кенттері, сондай-ақ «Бурабай» аймағы бар.

Серіктес жаңалықтары