$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 12:21
Қоғам

Көлігіне «әдемі нөмір» алғысы келген қазақстандықтар бір күнде 11 мың өтініш берген

Жақын арада бұл қызмет онлайн форматта іске қосылады

Көлігіне «әдемі нөмір» алғысы келген қазақстандықтар бір күнде 11 мың өтініш берген
Фото: istockphoto.com

Биыл 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көлігіне қалаған нөмірді таңдай алады. Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, кеше мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызмет бойынша 11 мың өтініш түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше еліміз бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға тарта өтініш түсті. Біз өз тарапымыздан операторлар санын көбейттік. Осы аптада нөмір таңдау қызметін eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Коняшкин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетері, 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап қазақстандықтар мемлекеттік тіркеу нөмірінің әріптік және сандық комбинациясын өздері таңдай алады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#көлік нөмірі