$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 14:51
Қоғам

Қазақстандағы университеттерде ЖИ дағдыларын үйрету үшін компьютерлік техникалар жетіспейді

Министр үкімет басшысынан көмек сұрады

Қазақстандағы университеттерде ЖИ дағдыларын үйрету үшін компьютерлік техникалар жетіспейді
Фото: freepik.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жасанды интеллект дағдыларын тегін үйрететін Tomorrow School жобасын жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарында компьютерлік техникалар жетіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Astana Hub бірлесіп университеттер базасында Tomorrow School жобасын іске асырып жатқанын атап өтті. Жоба халықаралық әдістеме негізінде барлық өңір халқы үшін тәулік бойы қолжетімді форматта ұйымдастырылады.

«Қазір 4 өңірде жобаны іске асыру үшін қажетті оқу орынжайлары бөлініп, компьютерлік техникамен толық қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Осы ретте жобаны жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетіп отырған Ақмола, Қостанай және Алматы облыстарының әкімдіктеріне алғыс білдіреміз. Қалған 15 өңірде компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мәселелері пысықталу үстінде. Осыған байланысты Олжас Абайұлы, өңір әкімдіктеріне жоғары оқу орындарын компьютерлік техникамен жабдықтауға арналған қаражат тарту бойынша қосымша тапсырма беруді сұраймыз», - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары