$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 10:56
Қоғам

Жұлдыздар мен блогерлер жаппай жарнамалаған «Апамның шайынан» қауіпті қоспа табылды

Бас санитар бұл шайды қосқанда, тағы бірнеше қара шайды елге әкеліп, сатуға толық тыйым салды

Жұлдыздар мен блогерлер жаппай жарнамалаған «Апамның шайынан» қауіпті қоспа табылды
Фото: скриншот

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитары Сархат Бейсенованың қаулысымен оншақты қара шайдың таралуы мен сатылуына толық тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның басты себебі – бұл шайлардан адам ағзасына өте қауіпті E110, E102 және E124 бояғыштары табылған. Бірінші қоспа шайға күн батқан кездегідей рең берсе, екінші қоспа, яғни, тартразин шайдың түсін қызыл реңке бояп, оны «әдемі» ете түседі. Үшінші қоспа да шайдың «қызылын» күшейтеді, бірақ, астмасы бар адамдар ішсе, аллергия алып, тынысы тарылып кетеді.

Міне, бас санитар дәрігер екі зертхананың қорытындысы негізінде адам денсаулығына өте зиян қоспа пайдаланғаны үшін мына шайлардың сатылуына тыйым салды:

  • «Апамның шәйі Premium gold», «Al-Hayat» Golg, «БАЛҚИЯ Premium gold», өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШҚ (Алматы облысы) өндірісі;
  • «Sultan Suleyman», «Pakistan tea», өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШҚ (Астана қ.)
  • «БАЛҚИЯ Premium gold», өндіруші «Аль-Хадия» ЖҚ (Алматы қ.);
  • «Aje Onim», өндіруші «Орда Чай» ЖҚ (Алматы қ.) «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша:
  • «Al-Hayat» Golg, өндіруші «Empire KENIY E.P.Z. Limited» (Алматы облысы);
  • «Al-Jannat Premium», өндіруші «Ferdaus» ЖҚ (Алматы қ.);
  • «Alfarah» (өндірушісі қаптамада көрсетілмеген).

Айта кетейік, бұл шайлардың көбін Қазақстанда миллиондаған оқырманы бар блогерлер мен әнші және әртістер кеңінен жарнамалаған еді. Өнер жұлдыздарының арасында өз атымен шай шығаратындары да бар.

Серіктес жаңалықтары