$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 10:10
Қоғам

Шымкентте төрт жасар баланың іші үлкен ісікке толып кеткен: дәрігерлер шұғыл ота жасауға мәжбүр болды

Абырой болғанда, ісіктің қатерсіз екені анықталды

Шымкентте төрт жасар баланың іші үлкен ісікке толып кеткен: дәрігерлер шұғыл ота жасауға мәжбүр болды
Фото: Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қаласының дәрігерлері іш қуысына үлкен ісік шығып кеткен төрт жасар балаға сәтті ота жасап, оның өміріне араша түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала қайта-қайта құсып, іші ауырған. Қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері бүлдіршінді тексере келе оның ішінен үлкен ісік тапқан.

Қатерсіз ісік баланың ішкі ағзаларына қауіп төндіре бастаған. Сондықтан, дәрігерлер шұғыл ота жасап, оның ішіндегі үлкен ісікті басқа органдарына зақым келтірместен алып тастаған.

«Мамандардың айтуынша, мұндай операциялар асқан дәлдікті, кәсіби тәжірибені және заманауи медициналық жабдықтарды талап етеді. Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда соңғы жылдары хирургиялық көмектің сапасын арттыруға, күрделі оталарды жергілікті деңгейде жасауға ерекше көңіл бөлінеді», - деп хабарлайды қаланың денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір балақай үйінде, жағды жақсы. Балаға ота сақтандыру жүйесі арқылы тегін жасалған.

Серіктес жаңалықтары