29.12.2025, 14:28
Қоғам
Жаңа жыл күні Қазақстанда жаңбыр жауып, күн +15 градусқа дейін жылынады
Кейбір өңірде боран соғады
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
«Қазгидромет» 2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, суық циклонның артынан оңтүстіктен келетін жылы циклон келеді. 30 және 31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады.
«30 желтоқсан күні еліміздің солтүстігі мен орталығында, ал, 30-31 желтоқсан күндері шығыста күн райы -2 градусқа дейін жылынады. Республиканың оңтүстігінде бұл күндері күн +5+15 градус жылы болады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді